Алматыда бәйшешек бүр жарды

Сурет: pixabay
Алматыда бәйшешек ретінде танымал галантустар гүлдеді. Бұл жағымды жаңалықпен бүгін, 16 ақпанда Алматының бас ботаникалық бақ қызметкерлері бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандар бұл нәзік ақ гүлдердің көктемнің келуінің символы екенін атап өтті.

"Әр жыл сайын біз олардың гүлдеуін асыға күтеміз, міне, олар өткен жылғы құлаған жапырақтардың арасынан бүршік жарып, қыс аяқталып келе жатқанын еске салады",- деп жазды бақ баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, биылғы маусымда ең алғашқы гүлдер қаңтар айында-ақ байқалған.

"Жаппай гүлдену тек қазір, ақпан ортасында басталды".Алматы ботаникалық бағы

Бұл ретте, бақ қызметкерлері Алматы тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады.

"Галантустардың өте нәзік екенін еске саламыз, сондықтан оларға абайлап күтім жасаңыз, көгалдар мен шабындықтарда жүрмеңіз, әсіресе оларды жинамаңыз. Галантустар әр маусымда гүлдеп, бізді сұлулығымен қуанта берсін". Алматы ботаникалық бағы

Бұған дейін қазақстандық маманның Шымкенттің демалысқа ең қолайлы мекен екенін дәлелдеп жүргенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін