Байланыс операторлары алаяқтықтан зардап шеккен тұлғалардың дерекқорын қалыптастырады

Фото: pexels
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төлем транзакцияларында алаяқтық белгілері бар деректермен алмасу орталығының (Ұлттық банктің антифрод орталығы) қызметін ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы түзетулер жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта:

Жобада антифрод орталығы қатысушыларының өзара әрекеттесу алгоритмі белгіленген. Атап айтқанда:

Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес байланыс операторларына үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттерінен зардап шегуі ықтимал азаматтардың дерекқорын қалыптастыру міндеті жүктеледі.

Сонымен қатар жобаға "Банктер және банк қызметі туралы", "Киберқауіпсіздік туралы", "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын, байланыс саласын және банкроттықты реттеу мен дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдардың және Цифрлық кодекстің қабылдануына байланысты, сондай-ақ 2026 жылғы 13 шілдеден бастап "Ақпараттандыру туралы" және "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" заңдардың күші жойылуына орай редакциялық және үйлестіруші сипаттағы түзетулер енгізілген.

Жоба алаяқтықпен тиімді күресу, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында әзірленген.

Нәтижесінде қаржы нарығындағы алаяқтық операциялар саны азаяды деп күтілуде.

Жоба 2026 жылғы 3 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда