Елордада жыл басынан бері тыныштықты бұзудың 5 мыңға жуық фактісі тіркелді

Фото: Zakon.kz
Астанада жыл басынан бері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы бойынша 5 мыңға жуық құқық бұзушылық дерегі тіркелді.

Бұл – қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстардың өзектілігін тағы бір мәрте айғақтайды.

Құқық бұзушылар қатарына пәтерлерінде музыка дыбысын қатты шығарғандар, көлік ішінен дыбыс күшейткіштер арқылы әуен қосқандар, түнгі уақытта құрылыс немесе жөндеу жұмыстарын жүргізгендер тіркелуде. Мәселен, Бейбарыс Сұлтан көшелерінің біріндегі көпқабатты үйдің тұрғыны бірнеше рет ескерту алғанына қарамастан, түнгі сағат 02.30 шамасында үйінде шулап,қатты шығарып, көршілердің тыныштығын бұзған.

Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторлары тарапынан тиісті хаттама толтырылды. Сонымен қатар елорда аудандары бойынша тәртіп сақшыларының қатысуымен жедел-алдын алу іс-шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Қоғамдық тәртіпті бұзушыларға қатысты құқықтық түсіндіру жұмыстары да қатар жүргізілуде. Астана қаласы полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын тыныштық сақтау ережелерін қатаң ұстануға шақырады. Әсіресе, көпқабатты үйлерде тұратын азаматтардың көршілеріне құрметпен қарап, дауыс деңгейін бақылауда ұстауы – өзара сыйластықтың белгісі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін