Алматыда көлік полицейлері синтетикалық есірткі жеткізу арнасын жойды

Сурет: ҚР ІІМ
Өткен жылдың қыркүйек айында "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Көліктегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері Алматы қаласында синтетикалық есірткінің заңсыз айналымының жолын кесті.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде көлік полицейлері 24 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктінің автокөлігін тексеру кезінде пирролидиновалерофенон a-PVP, ск-скорость есірткі заты табылып, тәркіленді.

Тәркіленген заттың жалпы салмағы 476 грамды құрады. Алдын ала бағалау бойынша, есірткінің қара нарықтағы құны шамамен 12,5 миллион теңгені құрайды.

Осылайша көлік полицейлері синтетикалық есірткінің ірі партиясының одан әрі таратылуына жол бермей, оның жеткізілуінің ішкі арнасын жойды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты айыптау үкімін шығарды.

Сотталушы 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Көлік полицейлері есірткі құралдарының заңсыз айналымы ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жататынын және ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін