2026 жылғы 27 ақпанда ҚТЖ Telegram-арнасында жолаушыларға арналған нұсқаулық жарияланды:
"Бірінші қадам – вокзалдағы билет кассасына барып, кассирге жағдайды хабарлау. Егер жолаушы пойызға кешігіп қалса, билет құнының бір бөлігін қайтаруға болады. Алайда бұл әрекетті билетте көрсетілген станциядан пойыз шыққаннан кейін бір сағат ішінде жасау қажет".
Қайтарым алу үшін жеке куәлік пен билет көрсету керек. Кассир қажетті құжаттарды рәсімдеп, орын бар болса, келесі пойызға отырғызу нұсқаларын ұсынады.
Билет ақшасын қайтару сомасы мен мерзімі – "Жолаушылар, жүк және пошталық жіберілімдерді теміржол көлігімен тасымалдау ережелерінде" көрсетілген.
Мұндай жағдайда жолаушыларға қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөмірі арқылы операторға хабарласу немесе вокзал анықтамасына жүгіну ұсынылады.
"Ұқсас жағдайларды болдырмау үшін вокзалға алдын ала келу қажет", – деп ескертті "Жолаушылар тасымалы" АҚ.
Сондай-ақ, пойызда қатаң тыйым салынған әрекеттерді мына жерден білуге болады.