Қазақстанның тағы 167 азаматы Алматыға аман-есен оралды

Сурет: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматы халықаралық әуежайына Flight 251 эвакуациялық рейсімен Қазақстанның тағы 167 азаматы елге жетті. Шарджа қаласынан ұшып шыққан ұшақ Алматыға аман-есен қонып, елге оралғанша асыққан азаматтарды алып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, хал тамыр-танысын, туған-туысын тағатсыздана күткен адамдарға толы болды. Табаны жерге тиісімен кейбірі тіпті көз жасына ерік беріп, аман жеткеніне тәуба десті.

"Бізді қиын жағдайда қалдырмай, көмек берген мемлекетімізге өте ризамыз. Президентке, елге оралуымызға көмектескен СІМ қызметкерлеріне көп рақмет. Мұндай қолдау адамды кәдімгідей жігерлендіріп жібереді екен", – дейді олар.

Елге жеткен жолаушылардың айтуынша, эвакуациялау жұмысы жылдам әрі барынша ұқыпты ұйымдастырылыпты. Дипломатиялық қызмет өкілдері бәрімен байланыста болып, құжаттарын рәсімдеуге көмектесіп, қал-жағдайын біліп, аман-есен ұшып кетуін бастан-аяқ бақылап отырған.

4 наурыз күні Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша DV5361 рейсімен бала-шағаны қосқанда 314 адам елге жеткізілген. Эвакуациялау жұмысы әлі жалғасып жатыр.

5 наурыз күні Шарджадан тағы бір рейс келетіні белгілі болды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі