116 жасқа келген еліміздегі ең қарт әжей Ұлытау облысында тұрады

Сурет: pixabay
Қазақстанның ең қарт тұрғыны, ұлытаулық Түймегүл Темірбаева 116-шы көктемін қарсы алды. Кейуана әлі де ширақ. Ол көп жасаудың сырын адал еңбек және жақсы ниетпен байланыстырады. Өмір бойы ауыр жұмыстың ортасында жүрген ол қазір де бос отырмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрт жайып, үй тірлігіне араласып тұрады. Әркімнің пешенесіне жазыла бермейтін әдемі қартаю бақыты Түймегүл апаға бұйырған. Ол жұбайы Аязбай Темірбаев екеуі өмір бойы жылқы баққан. Дегенмен мал соңындағы қара жұмыстан қажымаған. Аязбай ақсақал ғасырға жуық жасап, 95 жасында дүниеден өткен. Ал жақында 116 жасқа толған Түймегүл әже көзәйнексіз ине сабақтап, іс тігеді. Қимылы да ширақ, деп хабарлайды 24.kz.

"100-ден асып бара жатырмын. Өлмей келе жатырмын. Балаларым аман болсын. Балалардың алдында кетсем деп жүрмін". Түймегүл Темірбаева, 116 жастағы әжей

Түймегүл әженің балалары: "Осы күнге шейін ол кісінің "Ауырдым" дегенін естімедік", - дейді. Ес білгеннен еңбекпен өскен жан қазір де қартайдым деп қарап отырған жоқ. Немерелердің қарсылығына қарамай, үйдің тірлігіне де араласады.

"Анда-санда далаға шығып келеді. Көбінесе үйде жүреді. Биыл солай болды. Оған дейін барлық шаруаға жарап тұрған. Сырттың шаруасына, іштің шаруасына. Қанша дегенмен жасы келді ғой. Теледидар көріп отырады. Бізге тамақ істеп қояды".Раушан Темірбаева, Темірбаеваның келіні

Түймегүл Темірбаева қаңтар айында 116 жасқа толды. Оның елдегі ең қарт тұрғын екенін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі растаған. Кейуана бүгінде Қызылжар кентінде кенже ұлының қолында тұрады. Бауырынан өрген 4 баладан 15 немере, 25 шөбере сүйген.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев нәзік жандылар қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті