Ақмола облысында пойыз 11 жылқыны қағып кетті

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында жүк пойызы теміржол бойында жүрген 11 жылқыны қағып кетті. Оқиға 11 наурыз күні таңертең Торғай – Сілеті теміржол аралығында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ерейментау – Алтынтау бағытымен келе жатқан жүк пойызының машинисі рельс үстінде жүрген жылқыларды байқап, шұғыл тежеуге мәжбүр болған. Алайда апаттың алдын алу мүмкін болмай, пойыз 11 жылқыны қағып кеткен. Оқиғадан кейін пойыз қозғалысы 23 минутқа кідірді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында көлік полицейлері жылқылардың иесін анықтады. Ол – Ақмола облысындағы шаруа қожалықтарының бірінде жұмыс істейтін 35 жастағы мал бағушы.

Полиция мәліметінше, ер адам теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған.

"Пойыздың шұғыл тежелуі жолаушылар мен пойыз бригадасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан үй жануарларының иелері малды теміржол маңында қараусыз қалдырмауы тиіс", — деп ескертті көлік полицейлері.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінде пойыздың шұғыл тежелуіне қатысты 234 дерек тіркелген. Оның ішінде 61 жағдай теміржолда адамдардың болуына, 167 жағдай үй жануарларының жүруіне байланысты болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді