Ақтөбе облысында полицейлер құжатсыз жүрген әйелге көмектесті

Фото: gov4c.kz
Мұғалжар ауданында құжатсыз жүрген әйелге құқықтық мәртебе берілді.

Мұғалжар ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі тұрғындарды құжаттандыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде ұзақ уақыт бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген әйелге құқықтық мәртебе берілді.

Елена Смецкая 1990 жылы Ресей Федерациясында дүниеге келген. 1994 жылы ол отбасымен бірге Қазақстан Республикасына қоныс аударған.

Алайда түрлі отбасылық жағдайларға байланысты осы уақытқа дейін тиісті құжаттарын рәсімдей алмаған. Көші-қон қызметі мамандары жүргізген тексеру және құжаттарды рәсімдеу жұмыстарының нәтижесінде Елена Смецкаяға Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі берілді.

Қазіргі уақытта Елена мен оның отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасының жеке куәлігімен құжаттандыру жұмыстары жалғасуда. Полиция азаматтарға құжат мәселелерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын еске салып, қажет болған жағдайда құқықтық көмек көрсетуге әрдайым дайын екенін атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды