Атырау қаласының №2 сотының үкімімен мектептің құрылтайшысы ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына, сондай-ақ 6 жыл мерзімге қаржылық және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасына сотталды.
Сот талқылауы барысында сотталған тұлғаның қасақана, пайдакүнемдік ниетпен жалған білім беру ұйымын құру және оның қызметін жүзеге асыру арқылы азаматтарды адастырып, нақты көрсетілген шарттар мен міндеттемелерге сәйкес келмейтін білім беру қызметтерін көрсету сылтауымен олардың ақшалай қаражатын заңсыз иемденгені анықталды.
Заңға қайшы әрекеттердің салдарынан жәбірленушілерге 120 миллион теңге көлемінде аса ірі материалдық залал келтіріліп, аталған сома толық көлемде өндіріп алу соттың айыптау үкімімен міндеттелді.
"Шығарылған үкім қоғамда алаяқтық пен азаматтардың сенімін теріс пайдаланғаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын қалыптастыруға бағытталған. Азаматтарға келісімшарттар жасасу және ақшалай қаражаттарды беру алдында білім беру ұйымдарының құқықтық мәртебесін, лицензиялары мен өзге де рұқсат беру құжаттарының болуын мұқият тексеру қажеттігі түсіндіріліп жатыр, – деп хабарлады Ақмола облысының прокуратурасы.
Атырау облысының прокуратурасы заңсыз табыс табуға бағытталған кез келген әрекеттерге қатаң құқықтық баға берілетінін ескертті.