Жетісу облысының Жиделі, Ақарал, Қызылжиде, Керімағаш және Сарпылдақ ауылдарына табиғи газ берілді

Газ жіберді аймақтарға, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2026 17:04 Сурет: "QazaqGaz" ҰК" АҚ
Панфилов ауданының Жиделі, Ақарал, Қызылжиде, Керімағаш және Сарпылдақ ауылдарында газдандыру жұмысы аяқталып, алғаш рет табиғи газ іске қосылды. Нәтижесінде 302 үй газ желісіне қосылу мүмкіндігіне ие болды.

Жаңа тұтынушыларды газбен қамтамасыз ету үшін 52,8 шақырым газ құбыры тартылып, бір газ реттеуіш бекеті мен бес шкафты газ реттеуіш пункті орнатылды.

Газ Панфилов ауданында орналасқан "Жаркент" автоматтандырылған газ тарату станциясынан беріледі. Оның қуаты көгілдір отынға қосылған үйлерді сенімді әрі үздіксіз газбен қамтамасыз етуге толық жетеді.

Аймақтарға газ берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2026 17:04

Сурет: "QazaqGaz" ҰК" АҚ

"Газдандыру, ең алдымен тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі. Осындай жобаларды жүзеге асыру ауылдық елдімекендерде өмір сүруге қажетті жағдай жасап, олардың инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті "QazaqGaz Aimaq" АҚ Жетісу өндірістік филиалының директоры Нұржан Түймебаев.

Жиделі, Ақарал, Қызылжиде, Керімағаш және Сарпылдақ газдандыру – Жетісу облысының газ инфрақұрылымын кеңейту жұмысының бір бөлігі.

Аймақтарға газ берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2026 17:04

Сурет: "QazaqGaz" ҰК" АҚ

Жаңа желілердің тартылуы тұрғындардың табиғи газға қол жеткізуін қамтамасыз етіп, ауылдық жерлердегі заманауи инженерлік инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді.

Жалпы, жыл басынан бері Жетісу облысында Кербұлақ ауданының тоғыз елдімекені газдандырылды.

Аймақтарға газ берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2026 17:04

Сурет: "QazaqGaz" ҰК" АҚ

"QazaqGaz Aimaq" АҚ Мемлекет басшысының елімізді газдандыру деңгейін 80 пайызға жеткізу тапсырмасы аясында Энергетика министрлігі, "QazaqGaz" ҰК" АҚ және өңірлер әкімдіктерімен бірлесе отырып, газ тарату инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: