Алматылық студенттер азаматтық қорғаныс эстафетасында бақ сынасты

Сурет: Алматы ТЖД
Алматы қаласында өткен азаматтық қорғаныс бойынша қалалық эстафетаға 20 колледждің командалары қатысып, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдардың практикалық дағдыларын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, эстафета бағдарламасына мыналар кірді:

"200-ден астам қатысушы уақытқа жарысып, тек физикалық дайындықтарын ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік алгоритмдерін меңгергендерін көрсетті",- делінген ақпаратта.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінің командасы иеленді. Екінші орынға Алматы политехнологиялық колледжінің студенттері жайғасты. Ал үшінші орынды Алматы мемлекеттік бизнес-колледжі мен тағы бірнеше студенттік команда өзара бөлісті.

Сурет: Алматы ТЖД

Сайыс нәтижесінде ең үздік уақыт көрсетіп, тапсырмаларды дұрыс орындаған командалар Алматы қаласы ТЖД басшысының атынан Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Бұған дейін Алматыда ХҚКО қызметкерлеріне жер сілкінісі мен өрт кезіндегі әрекеттер үйретілгенін жазғанбыз.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды