Алматыда ХҚКО қызметкерлеріне жер сілкінісі мен өрт кезіндегі әрекеттер үйретілді

Алматыда ХҚКО қызметкерлеріне жер сілкінісі мен өрт кезіндегі әрекеттер үйретілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2026 12:11 Сурет: Алматы ТЖД
Алматы қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) 250-ден астам қызметкері жер сілкінісі мен өрт кезінде қалай әрекет ету керектігі бойынша оқытудан өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, алты ХҚКО-да қауіпсіздік мәселелеріне арналған оқу-жаттығу сабақтары ұйымдастырылды. Бұл шаралар 1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай басталған азаматтық қорғаныс айлығы аясында өткізілуде.

ТЖД өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта тағы 10 ХҚКО қызметкерлерін оқыту жоспарланып отыр.

Алматыда ХҚКО қызметкерлеріне жер сілкінісі мен өрт кезіндегі әрекеттер үйретілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2026 12:11

Сурет: Алматы ТЖД

Оқу барысында құтқарушылар жер сілкінісі мен өрт кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелерін, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет ету тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар "дабыл сөмкесінің" құрамы мен оның жеке қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызына ерекше назар аударылды.

Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, ХҚКО-лар күн сайын 5 мыңға дейін келушіні қабылдайды. Сондықтан мұндай мекемелерде қауіпсіздік мәселесі мен қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындығы аса маңызды.

Бұған дейін Алматыдағы Астана алаңында Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шаралар өтетіндігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: