Сонымен қатар оларды алдағы демалыс кезеңінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Мамандардың айтуынша, кей жағдайда жасөспірімдер білместікпен немесе қоршаған ортаның ықпалымен заңға қайшы әрекеттерге жол береді.
Мұндай іс-әрекеттер тек өздеріне ғана емес, айналасындағыларға да зиян келтіруі мүмкін. Осыған байланысты еліміздің заңнамасына сәйкес 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны ерекше атап өтілді.
Сондай-ақ жиын барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орындарында жүруі жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі екені айтылды. Бұдан бөлек, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – буллинг пен кибербуллинг тақырыптарына ерекше назар аударылды.
Полиция қызметкерлері мұндай әрекеттердің жәбірленушінің психологиялық жағдайына кері әсер ететінін түсіндіріп, заң алдында жауапкершілік бар екенін ескертті.
Сонымен қатар азаматтарға келесі қауіпсіздік шараларына назар аудару ұсынылды: құқық бұзушылық жасаған тұлғалар туралы мәліметтердің арнайы деректер базасында сақталатыны және бұл болашақта оқу немесе жұмысқа орналасу барысында кері әсер етуі мүмкін екені ескертілді.
Сондай-ақ су айдындарының маңында сақ болу, жол қозғалысы ережелерін сақтау және қауіпті әрекеттерден аулақ болу қажеттігі айтылды.
Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандарға мопед пен скутер басқаруға тыйым салынатыны түсіндірілді. Демалысты қызықты әрі қауіпсіз өткізу – әрбір жасөспірімнің өз жауапкершілігінде.