Алматыда Жароков көшесінің бір бөлігінде жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары басталады

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласының Бостандық ауданында Жароков көшесінің бір бөлігінде асфальт-бетон төсеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 26 наурыздағы қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілдері берген мәліметке сәйкес, бұл жұмысты "НКО" ЖШС мердігер ұйымы жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін, кепілдік міндеттемелері аясында жүргізеді.

Аталған аумақта бұған дейін "ТК 4-2-ден "Алмагүл-Южный" сорғы станциясына дейінгі жылу желілерін қайта жаңарту" жобасы жүзеге асырылған болатын. Инфрақұрылымды жаңарту нәтижесінде 1984 жылы пайдалануға берілген жылу магистралінің ресурсы қалпына келтіріліп, жылу шығыны мен апаттық деңгейін азайтуға мүмкіндік туды.

Жол жұмыстарын 2026 жылы 26 наурыз бен 5 сәуір аралығында жүргізу жоспарланып отыр.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеулерді ескеріп, қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Алматыда жоспарланған жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі автобус бағытының қозғалыс схемасы уақытша өзгертілді. Жолаушылар мен қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жаңа бағыттар туралы ақпарат маршрут белгілерінде және қоғамдық көлік қызметінің ресми сайтында жарияланады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған