ШҚО-да жол апатынан қаршадай бала көз жұмды: айыпталушы бір жылға бас бостандығынан айырылды

Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 6 жасар баланың қаза болуына байланысты іске сот үкімі шықты. Бұл туралы 2026 жылғы 29 наурызда өңірлік ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, Күршім аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған жолаушының өліміне кінәлі деп танылған жол-құрылыс ұйымдарының бірінің 53 жастағы бас инженеріне қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу барысында полицейлер күдіктінің жол үстіндегі үйілген топырақтардың көлік қозғалысына қауіп төндіргені белгілі болды. Алайда, ол "Жол жүрісі туралы" ҚР Заңының талаптарына қарамастан, ескерту жол белгілерінің орнатылуын қамтамасыз етпеген.

"Осы салғырттықтың салдарынан 2025 жылғы 31 қазанда "Күршім–Қалжыр–Ақсуат" тасжолының 37-шақырымында ауданның 37 жастағы тұрғыны жол үстіндегі үйілген топыраққа соғылған. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде оның 2019 жылы туған кішкентай ұлы оқиға орнында көз жұмған, ал 2017 жылы туған қызы түрлі жарақаттар алған,- делінген ақпаратта.

Сот инженерді "Көлікте қолданылатын қағидаларды бұзу" бабының үшінші бөлігі – абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет бойынша кінәлі деп таныды. Оған бас бостандығынан айыру және бір жыл мерзімге жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұған дейін ІІМ алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ерлі-зайыптыларды ұстағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Еліміз бойынша 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды