СҚО-да синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді

Сурет: ҚР ІІМ
Петропавл қаласында полицейлер Audi автокөлігімен жүрген 33 жастағы қала тұрғынын ұстады. Жеке тінту барысында ер адамның жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған 4 түйіншек табылып, тәркіленді. Тағы 25 түйіншек автокөліктен анықталып, алынды.

Сараптама нәтижесінде аталған заттың жалпы салмағы 40 грамм болатын α-PvP синтетикалық есірткісі екені белгілі болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұрын сотталмаған ер адам өткен жылдың желтоқсан айынан бастап "жасырып кету" тәсілімен есірткі таратумен айналысқан, кейін психотроптық заттарды қалаға жеткізуге көшкен. Күдіктінің айтуынша, ол Қостанай қаласынан әкелген "сынақ" партиясымен ұсталған. Аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде.

Күдіктіге 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Жыл басынан бері СҚО-да полицейлер заңсыз айналымнан 7,5 келі синтетикалық есірткі тәркіледі. Петропавл қаласында полицейлер Audi автокөлігімен жүрген 33 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Жеке тінту барысында ер адамның жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған 4 түйіншек табылып, тәркіленді. Тағы 25 түйіншек автокөліктен анықталып, алынды. Сараптама нәтижесінде аталған заттың жалпы салмағы 40 грамм болатын α-PvP синтетикалық есірткісі екені белгілі болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұрын сотталмаған ер адам өткен жылдың желтоқсан айынан бастап "жасырып кету" тәсілімен есірткі таратумен айналысқан, кейін психотроптық заттарды қалаға жеткізуге көшкен.

Күдіктінің айтуынша, ол Қостанай қаласынан әкелген "сынақ" партиясымен ұсталған. Аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктіге 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Жыл басынан бері СҚО-да полицейлер заңсыз айналымнан 7,5 келі синтетикалық есірткі тәркіледі.

Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды