Рөлдегі жауапсыздық: Қарағандыда мас жүргізуші 20 тәулікке қамалды

Фото: Zakon.kz
Қарағанды қаласында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған мас жүргізуші анықталып, сот шешімімен 20 тәулікке қамауға алынды.

31 наурыз күні кешкі уақытта Қарағанды қаласының полицейлеріне ақ түсті автокөлікті басқарған жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны туралы хабарлама түсті.

№359 патрульдік экипаж жедел түрде сипаттамаға сәйкес келетін көлікті анықтап, тексеру үшін тоқтатты. 21 жастағы құқық бұзушымен сөйлесу барысында инспекторлар оның аузынан спирттік ішімдіктің өткір иісі шыққанын байқады.

Медициналық куәландыру бұл күдікті растады: жас жігіт көлікті мас күйінде басқарған.

"Іс материалдары сотқа жолданды, ал автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Багдат Какимов.

Қарағанды қаласында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған мас жүргізуші анықталып, сот шешімімен 20 тәулікке қамауға алынды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Зорлық-зомбылық жасады деп айыпқа ілінген ХҚС Бас прокуроры отставкаға кетіп тынды

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары: ережелер жаңартылды