Алматыда әскери қызметшілер көлік ішінде қалған екі жасар баланы құтқарды

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Алматы өңірлік гарнизонының әскери полиция қызметкерлері аға лейтенант Ержан Әбдібаев пен ефрейтор Әлібек Оқанов екі жасар сәбиі көліктің ішінде қамалып қалған әйелге жедел көмек көрсетті.

Баланың анасының әлеуметтік желіде жазған хабарламасына қарағанда, ол көліктің кілтін абайсызда ішінде қалдырған. Дабыл жүйесі іске қосылып, есіктер автоматты түрде құлыпталып, бала көліктің ішінде қалған.

"Мен абдырап, не істерімді білмей, қатты қорқып кеттім. Әскери формадағы адамдарды көріп, солардан көмек сұрадым", – деп жазды анасы.

Қызметтен қайтып келе жатқан әскери полиция қызметкерлері жағдайды бірден бағалап, көліктің есігін ашты. 10–15 минут ішінде бала аман-есен сыртқа шығарылды. Сәбиге медициналық көмек қажет болмаған.

Баланың анасы әскери қызметкерлерге алғысын білдіріп, олардың жедел әрекеті мен жанашырлығын ерекше атап өтті.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді