Алматыдағы 2-ЖЭО-ны жаңғырту жұмыстары күзде аяқталады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Eco Almaty" ЖШС Қазақстан Республикасы президентінің Алматыдағы 2- ЖЭО жаңғырту және оны газға көшіру жөніндегі тапсырмасының орындалуына бақылау жүргізді.

Сонымен қатар жаңа газ станциясының құрылысы барысымен де танысты. Аталған бастама қаланың экологиялық жүктемесін едәуір азайтуға және атмосфераға таралатын зиянды шығарындыларды қысқартуға бағытталған.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын сақтау аясында "Eco Almaty" ЖШС өкілдері 2-ЖЭО құрылыс алаңына барып, жаңғырту жұмыстарының барысын зерделеді. Негізгі мақсат – жобаның ауқымын, оның Алматы экологиясына әсерін және шығарындыларды азайту деңгейін бағалау.

Қазіргі уақытта бұрын тек көмірмен жұмыс істеген 2-ЖЭО газға көшіру жұмыстары қолға алынған. Бұған дейін станция жыл сайын шамамен 37 мың тонна зиянды зат шығарған. Жаңа газ станциясы іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш 90 пайыздан астамға қысқарып, жылына шамамен 2700 мың тоннаға дейін азаяды.

Сонымен қатар, парниктік газдардың, соның ішінде көмірқышқыл газының (CO₂) көлемі де азаяды. Егер бұрын оның жылдық көлемі 4 млн тоннаға жуық болса, жаңғыртудан кейін бұл көрсеткіш 2,7 млн тоннаға дейін төмендейді. Бұл қала ауасындағы қатты бөлшектер мен басқа да зиянды заттардың мөлшерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

2- ЖЭО-ын жаңғырту жобасы 2023 жылы 31 мамырда жасалған инвестициялық келісім аясында іске асырылуда. Құжатқа "АлЭС" АҚ пен Dongfang Electric International Corporation, Powerchina Sepco1 Electric Power Construction Co., Ltd және Powerchina Hebei Electric Power Engineering Co., Ltd компанияларынан құралған консорциум қол қойған. EPC-келісімшарттың жалпы құны — 325,9 млрд теңге. Жоба даму банктерінің несиелік қаражаты және жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылады.

Бүгінде қосалқы учаскелер бойынша дайындық жұмыстары толық аяқталған. Ал жаңа газ станциясының құрылысы бекітілген кестеге сәйкес жалғасып жатыр. Жоспар бойынша 2026 жылы шілде айының соңына дейін құрылыстың бірінші кезеңі, ал тамыз-қыркүйек айларында екінші кезеңі аяқталады. Барлық іске қосу-баптау жұмыстары 2026 жылы 30 қыркүйекке дейін толық бітуге тиіс.

Жоба аяқталғаннан кейін 2-ЖЭО-тің электр қуаты 510 МВт-тан 557 МВт-қа дейін ұлғайып, жылу қуаты сағатына 952 Гкалға дейін жетеді. Бұл Қазақстанның энергетика саласын экологиялық жаңғырту бағытындағы маңызды жобалардың бірі.

2- ЖЭО-ын газға көшіру — қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған қадам. Бұл бастама зиянды шығарындыларды азайтып қана қоймай, күл қалдықтарын жинақтауды толық тоқтатуға мүмкіндік береді. Жобаны "АлЭС" АҚ жүзеге асырады, оның орындалуы мемлекеттік органдар мен экологиялық ұйымдардың тұрақты бақылауында.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі