Алматыда суды пайдалану мен кәріз жүйесіне бақылау күшейтілді

Фото: pexels
Алматыда суық сумен жабдықтау және кәріз қызметін тұтынушыларды кешенді тексерудің белсенді кезеңі басталды. Бұл туралы қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мамандары айтты.

"Алматы Су" МКК мамандарының мәліметінше, бұл жұмыстар суды пайдалану саласында тәртіп орнатуға, ресурстарды есепке алудың ашықтығын арттыруға және су шығынын азайтуға бағытталған ауқымды түгендеу аясында жүргізіліп жатыр.

Іс-шаралар барысында абоненттердің су және кәріз қызметтерін пайдалану қағидаларын сақтау деңгейі назарға алынады. Заңсыз қосылу, есептеу құралдарының жұмысына араласу және тұтыну көлемін әдейі төмендету фактілерін анықтауға басымдық беріліп отыр.

Сонымен қатар мамандар инженерлік желілердің техникалық жай-күйін де бағалап жатыр.

Түгендеу жұмыстары қаланың барлық ауданын қамтиды. Тиімділікті арттыру үшін аумақтар жеке секторларға бөлініп, сол жерлерде мобильді топтар жұмыс істейді.

"Алматы Су" өкілдерінің айтуынша, ірі су тұтынушылар ерекше бақылауға алынған. Олардың қатарында моншалар, көлік жуу бекеттері, қоғамдық тамақтану орындары, сауда орталықтары, өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Бұл нысандар үшін суды қайта пайдалану жүйелері мен жергілікті тазарту құрылыстарының болуы міндетті талап ретінде қарастырылған.

Анықталған барлық заңбұзушылық бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады. Олар тұтыну көлемін қайта есептеуден бастап, қызмет көрсетуді шектеу немесе толық тоқтатуға дейінгі тетіктерді қамтиды.

Рейдтік іс-шаралардың алғашқы апталарында-ақ жүзден астам заңбұзушылық анықталды.

Ең жиі кездескен деректер:

2026 жылдың бірінші тоқсанында 29 көлік жуу бекеті алғаш рет суды қайта пайдалану жүйелерін орнатты. Бұған қоса, бұрын тұрмыстық тарифпен төлем жасап келген 78 нысан коммерциялық тарифке ауыстырылды. Сондай-ақ, инженерлік желілерге өз бетінше қосылудың 20-дан астам дерегі анықталды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады