БҚО-да 2 мыңнан астам киік өлексесі жойылды

Фото: wikimedia/Pavel Chekanov
Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 2 мыңнан астам киік өлексесі жойылды. Мал секілді киіктердің де біразы қыстан көтерем болып шығады да, табиғи ортада сұрыпталады.

Сондықтан бұл жағдай жылда қайталанатын табиғи құбылыс дейді мамандар. Былтырғы, төлдеуден бұрынғы ресми санақ бойынша аймақта 2 млн 300 мың бөкен бар.

Ал өңірде әуе санағы енді басталады. Түз тағысының егізден туып, өсімтал жануар екенін ескерсек, биыл киік саны екі есе көбеюі мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.

Жаппай төлдеу мамырдың 3–4-іне келеді деп болжанып отыр. Айта кетейік, былтыр киік санын реттеуге рұқсат беріліп, өңірде 108 мыңнан астам бөкен ауланды.

"Кейбір ақпарат құралдарында бір мезетте Сарыөзеннен 1600 киік өлігі табылды деп айтып жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Сондықтан біз тағы да мәлімдейміз: жыл басынан бері жиналып келе жатқан саны 2000-нан асып отыр. Бұл – табиғаттың құбылысы. Жылда болатын нәрсе. Табиғи өлімнен болған ұшалары кездесіп жатыр." Қайрат Қадешев, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары
Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін