Оқиға орнына жақын жерде болған полиция қызметкерлері Қайсар Мамадалиев, Руслан Бауржанұлы, Нұржан Нағашыбай дереу жағдайды бағалап, еш ойланбастан өрт ошағына қарай бет алды. Төтенше қызметтердің келуін күтпей-ақ олар түтінге толы пәтерге кіріп, өртті сөндіруге кірісті.
Пәтер ішінде ұйықтап жатқан екі бала болған. Полицейлер оларды оятып, қауіпті аймақтан алып шығып, тілсіз жаудан аман алып қалды.
"Полицияның батыл әрі жанқиярлық әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынып, балалар құтқарылды", – делінген хабарламада.
Кейін оқиға орнына қосымша күштер мен төтенше қызметтер келіп, жағдай толық бақылауға алынды.