SMS келгеннен кейін: Қазақстанда зейнетақы куәлігін қашан алуға болады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі қазақстандықтарға зейнетақы куәлігін алу мерзімі туралы түсіндірме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, қазақстандықтардың бірі зейнетақы рәсімдеп, алғашқы төлемін алғаннан кейін куәлікті қашан алуға болатынын сұраған.

Оның айтуынша:

"Мен зейнетақыға өтініш бердім, алғашқы төлемді алдым. Зейнетақы куәлігін қашан барып ала аламын?" – деген сұрақ қойған.

2026 жылғы 16 сәуірде госкорпорация қызметкерлері бұл сұраққа жауап берді.

Олардың мәліметінше, зейнетақы төлемі тағайындалып, SMS-хабарлама келгеннен кейін азамат өтініш тапсырған Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) жүгіне алады. Зейнетақы куәлігі сол жерде дайын құжаттарды беру секторында табысталады.

Сонымен қатар, бұған дейін Қазнетте ынтымақты зейнетақы төлемдері 20%-ға қысқарады деген бейнероликтер тараған болатын. Бұл ақпаратқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап беріп, мұндай мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Астана көгінде әскери ұшақтар жаттығу жүргізетін болады

Польшада мемлекеттік төңкеріс бола жаздады