19 сәуірде Алматыда жолдардың жаппай жабылу себебі белгілі болды

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 19 сәуірде "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры ұйымдастыратын Almaty Half Marathon тоғызыншы рет өтеді.

Биыл жарысқа әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысады. Жартылай марафонның ұйымдастыру комитеті Алматы тұрғындары мен қонақтарына жарыс күні жол қозғалысы ішінара шектелетінін хабарлайды.

19 сәуірде жартылай марафон өткізілуіне байланысты сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жарыс бағыты өтетін учаскелерде жол қозғалысы ішінара жабылады.

Жарыс таңғы сағат 07:00-де Тұңғыш Президент саябағында басталады. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Розыбакиев көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі 19 сәуір күні сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тұңғыш Президент саябағына автокөлікпен жетудің ұсынылған бағыттары:

1) Мұстафин көшесімен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

2) Науаи көшесімен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

3) Садықов көшесімен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

4) Дулати көшесімен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

5) Саин көшесімен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

6) Розыбакиев көшесімен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін.

Жолдардың жүктемесіне байланысты қатысушыларға сөре орнына (Тұңғыш Президент саябағы) әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесінің қиылысына дейін автобуспен жету ұсынылады. Жолдың жабылуын ескере отырып, ең тиімді бағытты 2ГИС қосымшасынан көруге болады. Сөре аймағында (Тұңғыш Президент саябағы) және мәре қалашығында (Орталық стадион) тұрақ қарастырылмағанын ескертеміз.

Мәліметтер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын тиімді бөлуді ескере отырып берілген.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

Теміртауда осыдан екі ай бұрын із‑түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Тоқаев ҚТЖ-ны сынға алып, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру шарттарын атады

Павлодар облысында Қытайдың 20 азаматы ұсталды