FlyArystan БАӘ ірі қаласына рейстерін тоқтатты

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстандық лоукостер FlyArystan ( "Air Astana" АҚ-тың еншілес компаниясы) Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) ең ірі қаласы – Дубайға бағытталған рейстерін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 16 сәуір 2026 жылы лоукостердің Telegram-арнасынан белгілі болды:

"FlyArystan Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді 2026 жылғы 29 тамызға дейін қоса алғанда тоқтататынын хабарлайды".

Сондай-ақ тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билет құнын айыппұлсыз толық қайтару мүмкіндігі берілетіні айтылған. Билеттерді ресми сайт немесе мобильді қосымша арқылы сатып алған жолаушылар ақшаны онлайн түрде қайтара алады. Ал туристік агенттіктер және басқа сату арналары арқылы алынған билеттер бойынша қайтарымды сол жерге жүгіну арқылы рәсімдеу қажет.

Бұған дейін FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтата тұру мерзімін 2026 жылғы 19 сәуірге дейін ұзартқан еді.

Қазақстан
БАЭ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі