Алматы зообағында арыстанға тас лақтырған ер адам айыппұл арқалады

Фото: Zakon.kz
Алматы хайуанаттар бағында балалардың көзінше арыстанға тас лақтырған ер адамның іс-әрекеті қоғамда дау туғызды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдымен зообақ әкімшілігі мәлімдеме жасап, іс бойынша полицияға жүгінгендерін айтқан болатын.

Кейін қалалық Полиция департаменті құқық бұзушының жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Ведомство аталған бейнежазбада жас жігіттің арыстан қамалған вольерге қарай тасқа ұқсас затты лақтырғанын байқауға болатындығын атап өтті. Осы әрекеті арқылы ол қоғамдық тәртіпті және қоғамдық орында өзін ұстау қағидаларын өрескел бұзған.

"Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталып, ол мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді". Алматы қаласы Полиция департаменті

Істі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарап, азаматты кінәлі деп таныды. Нәтижесінде оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды (2026 жылға бұл 86 500 теңге).

Бұған дейін БҚО-да 2 мыңнан астам киік өлексесі жойылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі