Қазақстанда атом саласын дамыту стратегиясы қабылданды

Фото: pixabay
Қазақстан Республикасы президентінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі жарлығымен Қазақстан Республикасының атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясы бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Стратегияны Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірлеген және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттарын, тәсілдерін және басым бағыттарын айқындайтын ұзақ мерзімді бағдарламалық құжат болып табылады.

Құжат елдің энергетикалық қауіпсіздігін және орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, халықаралық Климаттық міндеттемелерді орындауға, сондай-ақ жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға және Қазақстанның жаһандық ядролық саладағы ұстанымын нығайтуға бағытталған.

Стратегияға сәйкес атом саласын дамыту мынадай негізгі бағыттар бойынша кешенді ілгерілетуді көздейді:

Стратегияны іске асыру Қазақстанда әлемдік ядролық экожүйеге интеграцияланған заманауи және орнықты ядролық кластерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

"Стратегияға сәйкес, 2050 жылға қарай Қазақстан Республикасында кемінде үш атом электр станциясы жұмыс істейтін болады. Бұл ретте бірінші АЭС жобасын іске асыру басталды, екінші станцияның құрылысы қарау сатысында тұр, ал үшінші АЭС үшін перспективалық бағыт ретінде шағын модульдік реакторлар технологияларын қолдану мүмкіндігі зерттелуде". ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

Құжат елдің энергетикалық және технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз етудің маңызды элементі болады, сондай-ақ атом саласын ұзақ мерзімді дамыту және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін негіз жасайды деп күтілуде.

Бұған дейін Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен олардың педагогтарына қандай сыйақы берілетіндігін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр