Жамбыл облысында шенеуніктер жетім балаларға бөлінген қаржыдан заңсыз пайда көрген

Сурет: freepik
Меркі ауданының прокурорлары ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 баланың құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, талдау нәтижесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 кәмелетке толмаған балаға әлеуметтік жәрдемақылардың тиісті түрде төленбегені, сондай-ақ оларды ұйым қаражаты есебінен сауықтыру мекемелері мен лагерьлерге тегін жолдамалармен қамтамасыз ету мәселесінің қаралмағаны анықталды.

"Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде оқушыларға тиесілі әлеуметтік жәрдемақылар төленді. Сонымен қатар, оларды еңбек лагерлеріне және санаторий-курорттық мекемелерге жолдамалармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда".Жамбыл облысы прокуратурасы

Ведомство кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Бұған дейін Семейде кәмелетке толмаған қыздарға әдепсіз мінез көрсеткен ер адам анықталғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Екі өңірде аптап ыстық болады". Еліміз бойынша 6 маусымға арналған ауа райы болжамы

Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы ТҮРКСОЙ көлемінде аталып өтті

Қарулы күштерде Аумақтық әскерлердің құрылған күні атап өтілуде

Бір сотталғанға арналған 15 телефон: ШҚО-да түнгі заңсыз әрекеттің жолы кесілді

"Бурабайда" "Қызыл кітапқа енген" әрі жойылып бара жатқан қандай гүлдер бар