Президент экологиялық ынтымақтастықты нығайтуға шақырды

Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жер шарын қорғау мәселесінің маңызын атап өтіп, бұл бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың рөліне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, қазіргі таңда адамзаттың, әсіресе өскелең ұрпақтың болашағы шешуші мәнге ие.

"Таразы басында адамзаттың, ең алдымен, өскелең ұрпақтың болашағы тұр", – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың пікірінше, экология тек мақсат емес, ол адами парыз, экономикалық қажеттілік және бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін стратегиялық басымдық болып табылады.

Президент орнықты келешек қалыптастыруда бірқатар негізгі қағидаттарды ұстану қажет екенін атап өтті.

Олардың қатарында халық пен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік, шекарадан тыс ынтымақтастық, ресурстар мен технологияларға тең қолжетімділік, нақты нәтижеге бағытталған шаралар және елдер арасындағы бірлік бар.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы саммит барысында Орталық Азиядағы экологиялық ынтымақтастық жөніндегі Астана декларациясы және бірқатар маңызды келісімдер қабылданатынын айтты.

"Бұл біздің аталған қағидаттарды берік ұстанатынымызды және өңірлік экологиялық серіктестікті нығайтуға қадам басқанымызды дәлелдейді", – деді Президент.

Тоқаев талқылаулардың нақты бастамаларға негіз болып, халық игілігіне қызмет ететін баянды болашаққа жол ашатынына сенім білдірді.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар мен нөсер жаңбыр жауады