Прокурор блогер жұп Жанәбілов пен Төлегеноваға 4 жылға дейін жаза сұрады

Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 22 сәуірде Астана қаласында аға прокурордың көмекшісі Олжас Хайруллаев блогер жұп Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сұралған жазаны мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Іс бойынша сот тергеуі аяқталып, сот жарыссөз кезеңіне өтті.

Мемлекеттік айыптаушы жарыссөз барысында соттан Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованы кінәлі деп танып, әрқайсысына 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

"Жанәбіловқа Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша – 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру, ал 218-баптың 2-бөлігі 1-тармағы бойынша – мүлкін тәркілей отырып 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын беруді ұсынамыз. Осы жазаларды біріктіру арқылы түпкілікті 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленіп, оны ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу көзделсін. Сондай-ақ оны сот залында қамауға алуды сұраймыз". Прокурор

Сонымен қатар, Төлегенованы да Қылмыстық кодекстің осы баптары бойынша кінәлі деп танып, оған 2 жыл 6 ай және 4 жыл бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалуы ұсынылды. Жазаларды біріктіру нәтижесінде оған да түпкілікті 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленеді, мүлкі тәркіленеді. Алайда бұл жазаны орындау 1 жылға кейінге қалдыру ұсынылды. Үкім заңды күшіне енгенге дейін оған қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, елден шықпау туралы қолхатқа ауыстыру сұралды.

Еске салсақ, 2025 жылғы 24 тамызда Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті әлеуметтік желілерде құнды сыйлықтардың ұтысын өткізген блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың әрекеттерін лотерея қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді бастағаны белгілі болды.

5 қыркүйекте Астананың Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Ерболат Жанәбіловқа қатысты заңсыз лотерея өткізу фактісі бойынша іс қаралды. 15 қыркүйекте Эльмира Төлегеноваға қатысты іс қаралды. Артынша, оларға қатысты материалдар қылмыстық іс қозғау үшін Қаржы мониторингі агенттігіне жіберілді. 16 қазанда Қаржы мониторингі агенттігі блогерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі