Рудныйлық полицейлер пара алды деген күдікпен ұсталды

Фото: Zakon.kz
Рудный қаласының үш полиция қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 22 сәуірде Tobolinfo басылымының жазуынша, Қостанай облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растаған. Ведомство мәліметінше, мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

"2026 жылғы 17 наурызда Қостанай облысы ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қызметкерлері мен Қостанай облысы ПД Ішкі қауіпсіздік басқармасы бірлесіп, ҚК 366-бабы 3-бөлігі бойынша басталған сотқа дейінгі тергеу аясында Рудный қаласы криминалдық полиция бөлімінің үш қызметкерін ұстады", – деп мәлімдеді өңірлік полиция департаменті.

ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі параны алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, ірі мөлшерде немесе бірнеше рет талап ету арқылы алу жағдайларын қамтиды. Бұл бап бойынша мүлікті тәркілей отырып, 60-тан 70 есеге дейін айыппұл салу немесе 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сондай-ақ өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру қарастырылған.

Бұған дейін Рудный әкімі рұқсатсыз салынған барға қарсы сотта жеңіске жеткенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды