Ұлттық кітап күні: танымал жазушылар атыраулық студенттермен кездесті

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұлттық кітап күні апталығы аясында "Бесқонақ – кітапқа ғашық ету амалы" тақырыбында болашақ мұнайшылармен тағылымды кездесу өтті. Мақсаты – жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру.

Кездесуге елімізге белгілі қаламгерлер қатысып, студенттермен еркін форматта пікір алмасты. Әдеби кеш барысында қаламгерлер кітап оқудың тұлғалық даму мен ой-өрісті кеңейтудегі рөліне ерекше тоқталып, қазіргі қоғамдағы оқырман мәдениетін қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Кітап күні қарсаңында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" шығармасын оқудан білімгерлер арасында байқау ұйымдастырылды.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шарада байқау қорытындыланып, университет студенті Ақпейіл Нұраулетова жүлдегер атанды. Жеңімпазға ақын Ерлан Жүніс марапат табыстап, ізгі тілегін білдірді.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, биыл өңірде Ұлттық кітап күні алғаш рет апталық ретінде өтуде. Апталық ашық аспан астындағы кітап көрмесімен басталып, оған 300-ге жуық қала тұрғыны қатысты.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Рухани іс-шара аясында "Кітап – достық амбассадоры" атты елімізге танымал қаламгерлердің қатысуымен әдеби кездесу өтіп, 4 ірі сауда орны мен республикаға танымал баспалар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін іс-шаралар легі "Кітап FEST" фестивалімен қорытындыланады. Фестивальде 9 танымал баспаның 5000-нан астам кітабы жеңілдетілген бағамен ұсынылмақ. Сонымен қатар жыл бойы үздік деп танылған оқырмандар мен кітап клубтары арнайы номинациялармен марапатталады.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев