СҚО-да кәріз құдығынан екі жұмысшының мәйіті табылды

Фото: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қарасты Саумалкөл ауылында кәріз құдығынан екі адамның мәйіті табылды.

Қайғылы оқиға коммуналдық кәсіпорын аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 50 жастағы слесарь Дмитрий Титарев пен 48 жастағы электрик Владимир Прохоров кәріз сорғы станциясында жұмыс істеген. Мамандардың болжамынша, олардың өліміне жабық кеңістікте жиналған улы газ себеп болуы мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.

Оқиғаға байланысты еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Өндірістегі қауіпсіздік нормаларының сақталу деңгейі жан-жақты тексерілмек.

СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары Азат Көшербаевтың айтуынша, оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылады. Қазіргі уақытта оның құрамына кіретін мамандар анықталуда.

Сондай-ақ ол өткен жылы Ғабит Мүсірепов ауданында да осындай жағдай тіркелгенін атап өтті. Жиналған материалдар құқық қорғау органдарына жолданған.

Жыл басынан бері өңірде өндірісте жарақат алған 7 адам тіркелген.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын енді жаңа тәртіппен басқара алады

Ақтөбеде "BEST IN AQTÓBE" рейтингтік жобасының І маусымы қорытындыланды

Астанадағы екінші әуежайдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды