Семейде 42 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

Фото: Zakon.kz
Абай облысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзған жүргізушіні анықтап, заң аясында шара қабылдады. Ол бұған дейін 42 рет жол ережесін бұзған болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің мәліметінше, Семей қаласындағы Глинки мен Спартак көшелерінің қиылысында Honda автокөлігі тоқтатылды. Көлікті 26 жастағы жүргізуші басқарған. Тексеру барысында оның жол қозғалысы ережелерін бірнеше мәрте бұзғаны белгілі болды. Анықталғандай, жүргізуші бұған дейін 42 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 1 млн 200 мың теңгені құраған. Бұл жағдай жол қозғалысы қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер төндіретінін көрсетеді.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес көлік құралы арнайы айыптұраққа қойылды.

"Жалпы алғанда, полиция қызметкерлері "Қорғау" жүйесін тиімді пайдалану арқылы жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын дер кезінде анықтап, алдын алу бағытындағы кешенді жұмыстарды жалғастыруда. Полиция қызметінің басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету",- деп атап өтті ведомство.

Бұған дейін ШҚО-да жол апаты болып, екі адам көз жұмғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты