Жасанды интеллект қазақстандықтарға бизнесті дұрыс ашуға көмектеседі

Фото: pixabay
2026 жылғы 28 сәуірде Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев бизнес ашу процесін жеңілдетуге арналған ЖИ-көмекші әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, жоба Қаржы министрлігімен бірлесіп іске асырылуда.

"Бұған дейін бір үйде немесе бір ауданда бірдей бағыттағы бірнеше нысан қатар ашылып кету қаупі болатын. Мысалы, кофеханалар немесе дәріханалар. Енді кәсіпкер картадан белгілі бір аумақты таңдайды, ал жүйе ол жерде кім жұмыс істеп жатқанын немесе тіркеліп жатқанын көрсетеді. Жасанды интеллект бизнес ашуға тиімдірек нұсқаларды ұсынады", – деді Жаслан Мәдиев.

Министрдің айтуынша, жүйе клиент ағынын, бәсекелестік ортаны және таңдалған аумақтағы бизнес белсенділігін ескереді.

"Бұл шешім бизнесті ашу кезіндегі тәуекелдерді азайтуға және артық бәсекелестікті болдырмауға бағытталған. Нәтижесінде бизнес ашу кезеңіндегі шығындар шамамен екі есе қысқарып, кәсіптің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда әртүрлі салаларда азаматтарға көмектесетін 50 ЖИ-агент іске қосылатыны хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды