Елде адам саудасы мен заңсыз контентке қатысты ондаған қылмыс әшкереленді

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда Ішкі істер министрлігі жүргізген кезекті "STOP трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында адам саудасы, мәжбүрлі еңбекке тарту және заңсыз порнографиялық контент таратуға қатысты бірқатар қылмыстық схема әшкереленді.

Ведомство мәліметінше, сәуір айында республика бойынша адам саудасына қатысты 41 қылмыс тіркеліп, оның 9-ы кәмелетке толмағандарға қатысты болған.

Ең резонансты деректердің бірі Қызылорда облысында анықталды. Мұнда жаңа туған сәбиді 1 миллион теңгеге сату схемасы әшкереленген. Тергеу мәліметінше, қоғамдық қор жетекшісі делдал ретінде әрекет етіп, нәрестені облыс тұрғынына бермек болған. Күдіктілер қамауға алынды.

Алматыда тұрақты мекенжайы жоқ азаматтарды пайдаланып, олардың атына қымбат көліктер рәсімдеп сатқан ұйымдасқан топ ұсталды. Қазір негізгі ұйымдастырушылар қолға түсіп, тергеу жалғасып жатыр.

Жетісу облысында екі жас жігіттің бір ай бойы күштеп еңбекке жегілгені анықталды. Олар заңсыз ұсталып, тұрмыстық химия өндірісінде жұмыс істеуге мәжбүр болған.

Сонымен қатар Абай облысында бірнеше қалада вебкам-студия ұйымдастырған ерлі-зайыптылар ұсталды. Олар жас қыздарды заңсыз түсірілімдерге тартумен айналысқан.

ІІМ мәліметінше, Астана, Алматы және бірқатар өңірде жастарды азғындық сипаттағы әрекеттерге тарту бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды. Бұдан бөлек, АИТВ жұқтыру дерегі бойынша 15, порнографиялық материалдарды таратуға қатысты 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Құзырлы орган адам саудасына қарсы күрес пен азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы