Түркістанда полицейлер электросамокаттарды пайдалану тәртібі мен қауіпсіздігін тұрғындарға түсіндірді

Фото: Zakon.kz
Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі "Jet" самокат қызметінің өкілдерімен кездесіп, қала аумағында электросамокаттарды пайдалану тәртібі, паркинг қағидалары, жол қозғалысы ережелерін сақтау және жалпы қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Қазіргі таңда қалада 100 "Jet" самокаты бар, олар негізінен орталық көшелерде орналасқан.

Осыған байланысты самокаттардың дұрыс қойылуы, жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмеуі және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ самокат жүргізушілерінің жауапкершілігін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар қарастырылды.

Кездесу қорытындысында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтып, түсіндіру жұмыстарын күшейтуге келісті.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды