Ұлттық ұланда 30 түрлі ұлт өкілдері қызмет етеді

Фото: gov.kz
Қазақ, өзбек, орыс, ұйғыр, татар, кәріс, әзербайжан, күрд және өзге де этностардың өкілдері мемлекеттік саясаттың негізін құрайтын бірлік пен келісім қағидаттарын айқын көрсетеді.

Әскери қызметшілер ұлтына, тіліне немесе дініне қарамастан, ортақ міндетті – қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді абыроймен атқарып келеді.

Олар үшін ең басты құндылық – ел тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігі. Ұлттық ұлан қатарында әртүрлі мәдениет пен дәстүрдің тоғысуы өзара түсіністік пен құрметті арттыра түседі.

Әр сарбаз өз халқының мәдениетін сақтай отырып, біртұтас әскери ұжымның ажырамас бөлігіне айналады. Бұл – Қазақстан қоғамындағы бейбітшілік пен келісімнің жарқын үлгісі.

Айта кету керек, Ұлттық ұланда ұлтаралық келісімді нығайтуға, өзара сыйластықты қалыптастыруға және бірлік рухын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Түрлі мәдени іс-шаралар, тәрбиелік кездесулер мен патриоттық жобалар тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.

Бірлік күні – ел ішіндегі татулық пен достықтың маңызын айқындайтын ерекше мереке. Осындай мерекелі күнде Ұлттық ұлан сарбаздарының қызметі – барша қазақстандықтарға үлгі. Олар күнделікті еңбегімен "Бірлік бар жерде – тірлік бар" деген қағиданың шынайы мәнін дәлелдеп келеді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев