Астанада LRT-дің жаңа тіректері бой көтеруде: екінші желі Қосшы бағытына тартылмақ

Фото: Instagram/cts_kz
Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасының екінші кезеңі аясында Қосшы қаласы бағыты бойынша құрылыс жұмыстары басталды.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, аталған бағыттағы алғашқы тірекке бетон құю жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар, Астанадағы бетон зауытында желінің эстакадалық бөлігіне арналған алғашқы темірбетон құрастырмалы арқалық дайындалды.

Жоба бойынша Қосшы бағытына 300-ден астам тірек орнатылып, эстакадаға арналған 538 құрастырмалы темірбетон арқалық пен сегіз монолитті арқалық салу жоспарланған.

21 сәуірде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жыл соңына дейін Қосшы қаласына дейінгі учаскенің құрылысын аяқтау көзделіп отырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ірі тұрғын алабы орналасқан Айтматов көшесі бойымен жаңа бағыттың құрылысы басталатынын айтты.

Бұдан бөлек, әкімнің сөзінше, LRT-дің алғашқы кезеңін алдағы апталарда іске қосу жоспарланып отыр.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды