Қазақстандықтар қыста автокөлікті айыппұлсыз қыздыра ала ма

Сурет: pexels
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов 2026 жылғы 6 мамырда Мәжілісте депутаттардың елді мекендерде қыста автокөлікті қыздыруға тыйымды алып тастау туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат Дмитрий Колода бір жыл бұрын қоғамда автокөлікті қыздырғаны үшін айыппұл салу нормасы қызу талқыланғанын еске салды.

"Біз бұл мәселені шешудің әртүрлі нұсқаларын ұсынып отырмыз. Осы заң жобасында елді мекендерде қыста автокөлікті қыздыруға салынған тыйымды толық алып тастауды ұсындық. Алайда тиісті жол белгісі қойылған тұрғын аймақтарда шектеулер сақталады. Бұл ұсынысқа сіздің көзқарасыңыз қандай?" – деп сұрады депутат.

Ішкі істер министрінің орынбасары бұл мәселе бойынша әртүрлі талқылаулар болғанын атап өтті.

"Ішкі істер министрлігінің ұстанымын қысқаша айтайын. Бұл ұсыныстарды министрлік қолдайды", – деді Санжар Әділов.

2025 жылғы 9 қаңтарда ІІМ көлік құралы қозғалтқышы қосулы күйде 5 минуттан артық тұрса және бұл тұрғындарға қолайсыздық тудырса, онда бұл ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 1-бөлігі ("Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзу") бойынша әкімшілік құқықбұзушылық болып саналатынын хабарлаған. Бұл бапқа сәйкес, азаматтарға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, ал қайталанған жағдайда 10 АЕК айыппұл қарастырылған.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы