Қызылорда облысында қарасора өсірілмек

Сурет: pixabay
Қызылорда облысының жаңа әкімі Мұрат Ергешбаев 2026 жылғы 12 мамырда өткен Үкімет отырысында өңірде техникалық қарасораны өсіру және қайта өңдеу бойынша жоспарлар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Әкімнің айтуынша, облыста аграрлық салада төрт инвестициялық жоба іске қосылған. Солардың бірі – швейцариялық Harvest Group компаниясының жобасы.

"Жобаның құны – 68 млрд теңге. Ол техникалық қарасораны, жүгері мен сояны өсіру және қайта өңдеуге бағытталған. Жоба аясында 2028 жылға қарай егіс алқаптары 32 мың гектарға дейін жеткізіледі", – деді өңір басшысы.

Айта кетейік, 2026 жылғы 11 сәуірде Үкімет қаулысымен өндірістік мақсатта, есірткі және психотроптық заттар жасауға қатысы жоқ техникалық қарасораны өсіруге рұқсат беретін құжаттарға өзгерістер енгізілген болатын.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды