Қазақстандық кәуаптың сүйегіне қақалып көз жұмды

Сурет: pixabay
Маңғыстау облысының Жармыш ауылында 56 жастағы ер адам демалыс кезінде кәуаптың сүйегіне қақалып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зардап шеккен азаматқа көмек көрсетуге талпыныс жасалғанымен, ол оқиға орнында көз жұмған. Бұл туралы "Astana TV" телеарнасы мәлімдеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде техникалық қызметкер болып жұмыс істеген. Ол мамыр мерекелері кезінде әріптестерімен бірге табиғат аясына шыққан.

"Аталған факі бойынша материал "001 – адамның қайтыс болуы" санаты бойынша тіркелді, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп түсініктеме берді Айгерім Ибатуллаева.

Бұған дейін Таразда көлік тізгіндеген 16 жасар жүргізуші патрульден қашпақ болып, жол апатына ұшырағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді