Қызметінен босатылған вице-министр Ербол Тасжүреков жаңа қызметке тағайындалды

Сурет: gov.kz
Бүгін, 2026 жылғы 15 мамырда әлеуметтік желілерде бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны туралы ақпарат тарады.

Бұл ақпаратты өңір әкімдігінің баспасөз қызметі растады.


"Облыс әкімінің өкімімен Тасжүреков Ербол Қуанышұлы Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған", – делінген хабарламада.

Жаңа қызметінде ол экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу, коммуналдық меншікті және тұрғын үй қорын басқару, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласына жетекшілік етеді.

Ербол Тасжүреков 1979 жылғы 25 маусымда Тараз қаласында дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы жекеменшік компанияда менеджер болып бастаған. Әр жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. Сондай-ақ Астананың Алматы аудандық сотында, кейін таратылған Өңірлік даму министрлігінің департаменттерінде қызмет атқарған.

Ұлттық экономика министрлігінде департамент басшысының орынбасары болған.

2018 жылдан бастап бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, кейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың маусымына дейін "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингінде басқарушы директор – басқарма мүшесі болды.

Ербол Тасжүреков 2023 жылдың ақпанында ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалған еді.

Еске салсақ, 2026 жылғы 29 сәуірде оның өз өтініші бойынша, басқа жұмысқа ауысуына байланысты вице-министр қызметінен босатылғаны белгілі болған еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қызметкер жұмысқа кешіксе жұмыс беруші айыппұл сала ала ма