Физика-математика мектептері филиалдарына білім беру гранттарын бөлу әділетсіз жүргізілген бе - түсініктеме

Сурет: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрлігі Республикалық физика-математика мектептері филиалдарындағы білім беру гранттарын бөлу конкурсы нәтижелеріне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Грантқа түскендердің тізімі жарияланғаннан кейін ведомствоға ата-аналардан гранттарды бөлу әділетсіздігіне қатысты шағымдар келіп түсе бастаған.

Осыған байланысты құзырлы ведомство Республикалық физика-математика мектептері филиалдарына қабылдау мектеп жарғысына сәйкес ашық конкурс негізінде жүзеге асырылғанын, конкурстық іріктеу оқыту тіліне қарамастан бірыңғай академиялық талаптар бойынша өткізілгенін хабарлайды:

"Білім беру гранттарының саны және конкурс орындары мектеп филиалдарының сыныптарды жинақтау мүмкіндіктеріне сәйкес белгіленеді. Конкурстық іріктеудің әділдігі мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қатысушылар үшін бірыңғай талаптар қолданылды. Емтихан тапсырмалары бірдей тақырыптық бағыт, бірыңғай құрылым және күрделілік деңгейі негізінде әзірленіп, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау үшін бірнеше нұсқада ұсынылды. Шекті өту балы алдын ала бекітілмейді және конкурс жарияланған сәтте анықталмайды. Ол қабылдау емтихандары аяқталғаннан кейін қатысушылардың нәтижелері мен жалпы конкурстық көрсеткіштеріне сәйкес айқындалады. Бұл тәсіл барлық үміткерлер үшін тең мүмкіндік қағидатын сақтауға арналған".

Қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігі конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен объективтілігіне қатысты келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарға талдау жүргізуде.

"Әрбір өтініш белгіленген тәртіппен қаралатын болады. Сонымен бірге, қосымша зерделеу және сараптамалық талдау тетіктері қолданылатын болады.Талдау қорытындылары және қабылданған шешімдер бойынша ресми ақпарат қосымша жарияланады. Аталған мәселе Оқу-ағарту министрлігінің бақылауында", деп хабарлайды министрлік.

Бұған дейін әлеуметтік желіде ҰБТ-ға қатысты тарап жатқан жалған ақпаратқа қатысты Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеме жасаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі