Жасөспірімдер Бутаков сарқырамасы маңындағы жартастарды бүлдірген: парк әкімшілігі мәлімдеме жасады

Сурет: instagram/ile_alatau_nationalpark
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында кезекті вандализм фактісі анықталды. Бұзақылық жасағандар – білім беру орталығының оқушылары болып шықты. Парк әкімшілігі оларды өз әрекеттерінің салдарын дереу жоюға міндеттеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға туралы 17 мамыр күні ұлттық парктің ресми Instagram парақшасында жарияланды. Онда табиғи нысандарға салынған жазуларды оқушылардың өздері өшіріп жатқан бейнежазба да көрсетілген.

Ведомствоның мәліметінше, жартастарға зиян келтіру Бутаков шатқалында, әйгілі Бутаков сарқырамасы маңында тіркелген.

"Ұлттық парк қызметкерлері дереу түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, табиғатты қорғау режимін бұзған тұлғаларды анықтау шараларын ұйымдастырды. Нәтижесінде кінәлілер анықталды – Gemini Education білім беру орталығының оқушылары", – делінген хабарламада.

Инспекторлардың түсіндіруінен кейін жасөспірімдер өз әрекетінің дұрыс еместігін түсінген. Олар құрал-саймандар алып, жартастарға салынған барлық жазуларды толық өшіріп, шатқалдың бастапқы табиғи қалпына келуіне көмектесті.

Сонымен қатар, құқық бұзушылар мемлекеттік табиғи нысанға келтірген зияны үшін ресми түрде кешірім сұраған.

"Іле-Алатауы ұлттық паркі табиғи аумақтар – баршаға ортақ қазына екенін және әрбір келуші табиғатқа ұқыпты қарауы тиіс екенін еске салады. Ерекше қорғалатын аумақтарда болу ережелерін сақтауды, тазалықты ұстануды және табиғатты құрметтеуді сұраймыз", – деп толықтырды парк әкімшілігі.

Бұған дейін қазақстандық сирек кездесетін қызғылт қоқиқаздардың биіктіктен түсірілген видеосын жариялағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі