Алтын Ордаға Қазақстан тарихының академиялық жинағында алғаш рет жеке том арналды

Фото: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда мұрасын жүйелі түрде зерттеу және жаңғырту бағытында Қазақстанда ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Президенттің сөзінше, Алтын Орда мұрасы – ұшан-теңіз рухани және тарихи қазына.

"Алтын Орда мұрасы – ұшан-теңіз. Біз осы алып рухани, тарихи қазынаны ХХІ ғасырға бейімдеп, жаңғырту үшін жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы өз бастамасымен арнайы ғылыми институт құрылғанын атап өтті.

"Менің бастамаммен Қазақстанда Жошы Ұлысын зерделеу институты құрылды. Бұл – осы тақырыпты терең зерттеумен айналысатын тұңғыш ғылыми мекеме", – деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, отандық тарихты жүйелеу бағытында маңызды академиялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

"Қазіргі таңда әзірленіп жатқан Қазақстан тарихының академиялық жинағында алғаш рет Алтын Ордаға жеке том арналып отыр", – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент Жошы ұлысының мұрасын кеңінен насихаттау жұмыстарына тоқталды.

"Жошы Ұлысының мол тарихи-мәдени мұрасын жұрт жадында жаңғырту үшін фильмдер түсіріліп, кітаптар шығарылып жатыр. Сондай-ақ спектакльдер де қойылып, ескерткіштер орнатылып, көрмелер өткізілуде", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сөз соңында Президент бұл бағыттағы жұмысты халықаралық деңгейде кеңейтудің маңызын атап өтті.

"Алайда Алтын Орданың мән-маңызын терең зерделеп, оның тарихи рөлін жан-жақты насихаттау үшін мүлде жаңа, яғни, халықаралық ауқымдағы жұмыс істелуі қажет", – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік