Астанада лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар басталады

Сурет: gov.kz
Астанада 2026 жылғы 21 мамыр күні күннің екінші жартысында антитеррорлық оқу-жаттығулар өткізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордадағы терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, сағат 15:00-ден 20:00-ге дейін "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайы (Қабанбай батыр даңғылы, 119) аумағында және Астана қаласының ішінде жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді.

Шараның мақсаты – террорлық қауіптер туындаған жағдайда құқық қорғау және арнайы органдардың жедел әрекет ету дайындығын тексеру. Оқу-жаттығу барысында іс-шара өтетін аумақта жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.

Осыған байланысты азаматтардан өткізілетін оқу шараларына түсіністікпен қарау, қауіпсіздік талаптарын сақтау, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау және тек ресми ақпарат көздеріне сену сұралады.

Сондай-ақ бүгін Астана әуежайының баспасөз қызметі әуежай алдындағы алаң мен кіреберіс жолдарда асфальт жабындысын жаңарту жұмыстары басталғанын хабарлады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде "Қазақстан Халық Кеңесі" туралы Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Амнистия аясында бірнеше миллиард теңгенің айыппұлы кешірілуі мүмкін

Құрбан айт: Астанада құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді

Алматы полициясы Сәуле Базарханның клиникадағы қазасына қатысты пікір білдірді