Алматыда тау туризмін дамыту мәселелері бойынша қоғамдық талқылаулар өтуде

Сурет: Zakon.kz
2026 жылдың 26 мамырында Алматыда Көкжайлау шатқалындағы "Almaty Superski" тау курортын салу жобасына қатысты қоғамдық тыңдау өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиын барысында Алматы тау кластерін дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру, экологиялық талаптар мен табиғи аумақтарды сақтау мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар, қоғамдық тыңдауға мемлекеттік органдар өкілдері, экологтар, сарапшылар, қоғам белсенділері және қала тұрғындары қатысып жатыр.

Тыңдау барысында жобаға қатысты ұсыныстар мен пікірлер қаралып, инфрақұрылымдық бастамалардың Іле Алатауы табиғатына әсері талқыланады.

Сурет: Zakon.kz

Almaty Superski жобасы – Алматы қаласының маңында халықаралық деңгейдегі заманауи тау курортын құруға бағытталған кешенді бастама.

Жоба қысқы туризмді (шаңғы, сноуборд) дамытумен қатар, жаяу серуен бағыттарын, экотуризмді және спорттық белсенділіктерді қамтитын жыл бойғы демалыс инфрақұрылымын дамытуды көздейді

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді