Қазақстанда 28 мамырда найзағай ойнап, дауылды жел соғады

Фото: pixabay
Қазақстанның басым бөлігінде 28 мамырда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жауын-шашын мол түсіп, бұршақ жауады және екпіні күшті жел соғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағындағы ауа райына белсенді солтүстік-батыс циклонының жырасы мен атмосфералық фронттар әсер етеді.

"Белсенді солтүстік-батыс циклоны жырасының және атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республика бойынша нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар елдің көп бөлігінде жел күшейеді. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы ықтимал. Ал оңтүстік-батыс өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Қарағанды, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында, Атырау облысының шығысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және шығысында, Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысы мен орталығында, Жамбыл және Алматы облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ал Қызылорда облысының оңтүстігі мен солтүстігінде, Қарағанды облысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының орталығы мен солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Павлодар облысының солтүстік-шығысында, Жетісу және Абай облыстарының шығысында, Ұлытау облысының шығысы, оңтүстігі мен орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 28 мамырда қолайсыз елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда жаңа аялдама пайдалануға берілді

Шымбұлаққа апаратын жолдағы шектеулер қашан алынады: мерзімі белгілі болды

2026 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болды

Алматыда күмәнді әрекет нашақорды полицияға ұстап берді

Алматы Орталық мешіті туралы не білеміз